01.10.2023, 15:44 39991

Ақтөбеде сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйел табылды

Ол таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішіп кеткен
Ақтөбеде сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйел табылды
Сурет: Polisia.kz
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен.

Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны