04.11.2022, 13:53 25236

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің базасында британдық университеттің филиалы ашылады

Heriot-Watt университеті үш ("Мұнай-газ ісі", "Электронергетика", "Компьютерлік инженерия") бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын, сондай-ақ "Өнеркәсіп менеджменті" мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын ашады.
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Келісім бойынша Heriot-Watt университеті Жұбанов университетінің базасында үш ("Мұнай-газ ісі", "Электронергетика", "Компьютерлік инженерия") бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын, сондай-ақ "Өнеркәсіп менеджменті" мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын ашады. Бұл мамандықтар өңірдің сұранысына қарай таңдалып отыр, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемдегі жетекші зерттеу университеттердің бірі Heriot-Watt басшыларымен кездесті. Кездесу аясында британдық жоғары оқу орнының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен серіктестігі талқыланды.
 

Жоғары оқу орындарының арасындағы серіктестік отандық техникалық және IT мамандарды бірлесе дайындауға бағытталған. Оқуды аяқтаған студенттерге Heriot-Watt университеті мен Жұбанов университетінің қос дипломы беріледі. Бұл мамандықтар Ұлыбританиялық стандарт бойынша оқытылып, Heriot-Watt Университеті бақылайды. Талапкерлерді қабылдау келесі оқу жылында басталады", - деді Саясат Нұрбек.

 
Британ университетінің өкілі Жұбанов университетімен ынтымақтастықты дамыту туралы жоспарларымен бөлісті. Екі ЖОО арасында академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді дамитын болады.
 

Heriot-Watt университеті – 1821 жылы негізі қаланған әлемдегі жетекші зерттеу университеттердің бірі. Математика, химия инженериясы, құрылыс, электр техникасы және мұнай-газ ісі пәндері бойынша әлемдік QS рейтингінде үздік 300 университеттің қатарына кіреді", - деп хабарлады министрлік.

 
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы ашылуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны