08.08.2023, 20:20 45211

Алматы қаласының атмосфералық ауа сапасына жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг көрсеткіштері

Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануының негізгі проблемасы автокөлік шығарындыларымен байланысты
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды Gov.kz.

Алматы қаласы бойынша автокөліктердің неғұрлым қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селетибті аумағында барлығы 79 бақылау нүктесі анықталды.

І жартыжылдықта 6158 сынама зерттелді, оның ішінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (бұдан әрі - ШРК) артуы 987 сынамасында (16%) анықталды.

Оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумағында санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 3062 сынама алынды, оның ішінде 56 сынамада (1,8 %) ШРК артуы қаланың Жетісу және Түрксіб аудандарында мынадай ингредиенттер бойынша анықталды: азот диоксиді - 1,2-2,4 есе; этилмеркаптан - 2,1-19,2 есе; диоксид күкірт - 6,2-7,1 есе; көміртегі оксиді - 1,0-1,2 есе.

Автомагистральдарда санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 3096 зерттелді, оның ішінде 931 сынамада (30,1%) ШРК асып кеткені байқалды. ШРК-ның артуы қаланың барлық 8 ауданы бойынша барлық бақылау нүктелерінде мынадай ингредиенттер бойынша анықталды: көміртегі оксиді - 1,0-1,2 есе; көмірсутектер - 1,0-1,3 есе; қорғасын - 1,7-2,5 есе; азот диоксиді - 1,2-2,3 есе; күйе - 1,1-1,5 есе.

Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануының негізгі проблемасы автокөлік шығарындыларымен байланысты, бұл жағдайды құрылыстардың тығыздығын ескере отырып, желдің болмауы күрделендіреді.

Атмосфералық ауаны ластайтын барлық заттар адам денсаулығына азды-көпті теріс әсер етеді. Бұл заттар адам ағзасына негізінен тыныс алу жүйесі арқылы енеді және жоғарғы тыныс жолдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесінің және әртүрлі аллергиялық көріністердің дамуына әкеледі.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ШРК асып кету туралы ақпаратты Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына, оның ішінде Қалалық мобилділік басқармасына жіберді.

Біздің қаланың ауа жағдайын жақсарту әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстаған жөн. Оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері қоғамдық көлікті пайдалануды, велосипедпен жүруді, тұрмыстық қалдықтарды азайтуды, электр қуатын үнемдеуді және жасыл кеңістікті кеңейтуді ұсынады - мұның бәрі атмосфераға зиянды газдар шығарындыларын азайтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны