10.03.2021, 20:57 13344

Алматы әкімдігі балалар музыка мектептерін жекешелендірілетін нысандар тізімінен шығаруға дайын

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Балалар музыка мектептерінің (№1 Балалар музыка мектебі (хор мектебі), Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебі және №11 балалар музыка мектебі) бәсекелестік ортаға берілуі жұртшылық арасында әлеуметтік шиеленісті тудыруына байланысты Алматы әкімдігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен және Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп талқылау өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімдігі ҚР Премьер-Министрінің атына Балалар музыка мектептерін жекешелендірілетін нысандар тізімінен шығару туралы хат жолдаған.
 
Қазіргі уақытта қалада 17 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, олардың ішінде Оқушылар сарайы, 7 аудандық Оқушылар үйі, Өнер мектебі, 23 мыңнан астам баланы қамтитын 8 музыка мектебі бар.
 
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық меншіктің бірнеше ұйымын сатуға шығару туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Олардың ішінде үш музыкалық мектеп бар. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова музыка мектебін қорғауға кірісті.
 
7 наурызда ата-аналар қауымдастығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына музыкалық мекемелерді жекешелендіруге жол бермеу туралы өтініш жолдады.
 
10 наурызда депутаттар музыка мектептерін жекешелендіруге тыйым салуды талап етті.
 
Белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев сондай-ақ Алматы әкімдігінің коммуналдық меншікті, оның ішінде музыка мектептерін жеке меншікке сатқанын туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны