30.07.2021, 22:12 16193

Алматы мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

АЛМАТЫ. 30 ШІЛДЕ - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар, БАҚ, медициналық ұйымдар, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, Ashyq жүйесіне қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.
 
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға, өнеркәсіптік ұйымдарға, байланыссыз қызметтер көрсетілетін ұйымдарға (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу және техниканы жөндеу, ателье, химиялық тазалау, кір жуу және т.б.), туристік агенттіктерге, фотосалондарға, гүл дүкендерге тыйым салынбайды. Сондай-ақ, бұл шектеу нотариустардың, адвокаттардың, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, банктердің және "Қазпошта" бөлімшелерінің жұмысына да қатысты болмайды.
 

2021 жылғы 2-16 тамыз аралығында сенбі және жексенбі күндері Ashyq қатысушыларының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін тоқтата тұру", - делінген құжатта.

 
Мемлекеттік органдар, кеңселер және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің 80% - ын қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру туралы талап сақталып отыр.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов "қоңыр-қызыл" аймақта демалыс күндері шектеу шараларын енгізуді тапсырған болатын.
 
2021 жылғы 9 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған кезде ("қоңыр-қызыл" аймақ) "Ashyq" көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне рұқсат етіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны