17.09.2021, 20:59 11350

Алматы облысында 583 оқушы коронавируспен ауырып, 300-ден астам сынып карантинге жіберілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 583 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оқушылар арасында коронавирус ауруының 583 жағдайының 214-і жазғы демалыс кезінде, 355-і офлайн-оқыту кезінде және 14-і онлайн-оқыту кезінде тіркелді, деп хабарлайды Алматы облысы санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметі.
 

Облыстың 167 мектебінің 341-сыныптарында карантин енгізу туралы 295 қаулы шығарылып, 5 042 оқушы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Бұдан басқа, 2021 жылғы 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша педагогтар арасында 88 КВИ-мен ауырғандар тіркелген, оның ішінде 32 педагог жазғы каникул кезінде ауырып қалған.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа оқу жылы күндізгі форматта басталды. Бұл ретте, Kazakhstan Today агенттігінің сайтында жүргізілген сауалнама деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың басым көпшілігі COVID-19 ауруының шыңы кезеңінде қашықтықтан оқытуды жалғастыру немесе ата-аналарға онлайн- және офлайн-оқытуды таңдау мүмкіндігін беру қажет деп санайды.
 
Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирустың көбеюіне байланысты елде сыныптар мен мектептер карантинге жабылуда. СҚО-да 22 сынып қашықтықтан оқытуға көшірілді. БҚО-да коронавируспен 100-ге жуық бала ауырады. Маңғыстау облысында 20-дан астам сынып карантинге жабылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны