20.03.2024, 21:06 62136

Алматы тауларында қар көшкіні болу қаупі туындады

Алматы тауларында қар көшкіні болу қаупі туындады
Сурет: freepik.com
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы маңында көшкін қаупінің жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында қардың қарқынды еруіне және мол жауын-шашын жаууына байланысты қар көшкінінің қаупі туындап отыр.

Көшкін қаупі бар аймаққа кіруді шектеу үшін блокбекеттер қойылған.

Блокпостар атап айтқанда, Үлкен Алматы өзенінің бассейніндегі Аюсайда (визит орталығы), Кіші Алматы өзені тұсындағы "Эдельвейсте" және Шымбұлақта қойылған.

ТЖМ алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына тауға шықпау керектігін еске салады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны