27.02.2024, 15:25 56706

Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады

Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады
Сурет: gov.kz
Алматыдағы Сайран көлінде жергілікті фауна қалпына келе бастады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 1971 жылдан бері Алматыда алғаш рет Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Сайран көлі тазартылды. Бұл жұмыс былтыр тұрғындардың тұнба мен қамыстың шіріген иісіне шағымның көбеюіне байланысты жүргізілді. Көлдің түбінен және жағасынан 140 мың текше метрден астам қоқыс пен лай шығарылды.

Сайран қала тұрғындарының демалысатын және серуендейтін сүйікті орнына айналды. Алматылықтар көлде балықты көрді, ал жағалауда балық аулап тұрған аққұтанды байқады.

Фотограф Дмитрий Доценко аққұтанның көкбас балығын аулап тұрғанын суретке түсіріп алды. «Бұл біздің Алатаудың эндемик балығы. Сондықтан менде өте құнды сурет түсірдім! Ойлап қараңызшы, 2024 жылы екі миллион тұрғыны бар мегаполистің қақ ортасында эндемик нағыз жабайы табиғатты көре аласыз! Бұл ғажап нәрсе, оны қорғау керек», - деді алматылық фотограф өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биыл Алматы әкімдігі Әуежай көлі мен Қарасу көлін тазартуды жоспарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны