12.12.2024, 17:33 71546
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Достарға айту
Алматыда "Нұршашқан" шағын ауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
№91 бағыттағы автобус "Нұршашқан" шағын ауданы - Алматы-2 теміржол вокзалы" бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты "Алматыэлектротранс" ЖШС "Golden Dragon" маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.
Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.01.2025, 18:59 2801
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді
Достарға айту
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан.
Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда.
Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 12:25 6881
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды
Достарға айту
Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылар мен колледждің 1-2 курстың студенттері онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 10:44 22086
Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен аналар қандай жәрдемақы алады
Достарға айту
2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді, деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға - 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға - 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:09 27786
Алматыда екі күн қалың қар жауады
Достарға айту
22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжануда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:
• 22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;
• 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.
Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.
Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.
Құрметті жаяу жүргіншілер!
Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 11:12 31626
Астанада ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты әуе рейстері кешіктірілуде
Достарға айту
2025 жылғы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.
Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, күтілетін 68 рейстің 14-і де кешігуде. Барлық кешігулер ауа райы жағдайы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.
Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www.nn-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 09:06 31866
Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды
Достарға айту
Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Kazinform.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қаңтарда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 15:00 55326
Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерінінің заңсыз сатылуы бойынша рейд жүріп жатыр
Достарға айту
Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осындай тексеру іс-шарасы Сарыарқа ауданындағы дүкендерде жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, сондай-ақ елордалық белсенді жастар қатысты.
Ең алдымен шағым көп түсетін аумақтар тексеріледі. Мысалы, ескі темір жол вокзалы аумағы. Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіледі.
2024 жылы қалада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 70 жағдай анықталды. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден асатын мөлшерде айыппұл салынды.
Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері және т.б. қамтылды.
Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленетін болады. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Сарыарка ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.
Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 09:58 63851
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапханалар орнатылды
Достарға айту
Алматы кітапхана саласына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет кітап беруге арналған заманауи автоматтар орнатылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов", "Алатау", "Сайран" және "Мәскеу", сондай-ақ Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-тарында, "Спутник", "Атакент", "Азия паркі" сынды сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтарында және Sail коворкингінде.
Осы автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады, сонымен қатар әдебиеттерді 24 машинаның кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, "Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз".
Қажет болған жағдайда әрбір тілек білдіруші "Алматы кітапханалары" 28 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітап әуесқойлары almatylibrary.kz сайтты да пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимінде сақтай алады. Берешек пен борышкерлерді автоматты түрде есепке алу үшін қайтару мерзімдерін қадағалау жүйесі енгізілді.
Біз оқырмандар үшін жақсы жағдай жасаймыз, ең озық шешімдерді енгіземіз. Өткен жылы бірнеше жаңа кітапханалар ашылды, бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасады. Жалпы, қазір қала тұрғындары үшін кітап беретін 28 кітапхана мен 24 дербес кітапхана-аппарат бар. Біз қаланың әрбір тұрғынының кітап оқығанын, оқығанды ұнататынын және білімді болғанын қалаймыз. Бұл үшін кітапханалар қолжетімді болды, соның ішінде жер астында - метро станцияларында. Кітапхана саласын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында",- деп атап өтті Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Жалпы, Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың барлық жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттердің қозғалысын жедел қадағалайды, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады. Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасында қол жетімді, ал қорларды пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысты талдауға көмектеседі.
Айтпақшы, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келушілер тіркелген. Айта кетейік, қала кітапханаларының 95%-ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.01.2025, 11:17Алматы облысның прокуратурасы өнер мектебінің жекеменшікке сатылып кетуінің алдын алды 23.01.2025, 11:43 179862024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды23.01.2025, 12:25 6871Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды23.01.2025, 18:41 6426Металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған қолданыстағы тыйым 6 айға ұзартылды23.01.2025, 11:28 6161БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды
17.01.2025, 11:51 102001Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1017662024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды17.01.2025, 11:17 819162024 жылы 413 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді17.01.2025, 11:14 71361Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады17.01.2025, 11:11 71216Таразда көптеген заң бұзушылықтар анықталған қайырымдылық мектебі жабылды
30.12.2024, 17:17 154016Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148161Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147831Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147346Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137266Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті