22.10.2024, 13:15 63876

Алматылық белсенділер тауды қоқыстан тазартып жатып

Алматыда белсенділер күзгі "Таза Қазақстан" бағдарламасының "Жарқын күз" науқанын қолдап, Алмаарасан ыстық бұлағында кезекті сенбілікке жиналды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Салауатты өмір салтын ұстанушылардан құралған топ әр демалыс сайын тауға шығып, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Қолына қолғап, қоқыс жинайтын қап алып, шынайы ниетпен іске бел шеше кіріскен олар туристер тастап кеткен бөтелкелерді, пластик қаптамаларды және экожүйеге қауіп төндіретін басқа да қоқыстарды жинайды.

Белсенділердің бірі Тимур Хасеновтың айтуынша, олардың тобы бастапқыда 2023 жылдың наурыз айында шынығу мақсатында құрылған 35 адамнан тұрады.

Біз тауға денсаулығымызды нығайту және өзенге шомылу үшін келетінбіз. Бірақ адамдардан қалған қоқыстың көп екенін көріп, қалдырмай, жинай бастадық. Осылайша, әр сенбі-жексенбі сайын тазалық жүргізуді әдетке айналдырдық. Кейін команда үлкейе түсті. Қазір біз мұны шамамен екі жыл бойы жасап келеміз, аптасына 3-4 рет топқа бөлініп, қоқыс жинаймыз. Алғашында бір пакет қоқыс жинасақ, қазір әрбір шыққанда 6-7 қаптан жинаймыз. Орта есеппен 75-80 келі қоқыс, біз арнайы қаптарды өлшегенбіз", - дейді Тимур.


Оның айтуынша, қаңтар айында ол тик-токта парақша ашып, таудағы бейнелерін жариялай бастаған. Қазіргі уақытта оның парақшасында 16 мың жазылушы бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны