22.10.2022, 15:05 49231

Алматының негізгі тас жолдарындағы жұмыстардың аяқталу мерзімін "ҚазАвтоЖол" басшысы айтты

Алматының негізгі тас жолдарындағы жұмыстардың аяқталу мерзімін "ҚазАвтоЖол" басшысы айтты
Сурет: Depositphotos
Алматы. 22 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев Алматы өңірінде орналасқан бірқатар маңызды нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.
 

Қазіргі уақытта "Алтын Орда" жобасы 95%-ға аяқталды. Негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар орындалды. Жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, басты магистральдық эстакаданың, "таға" түріндегі бұрылу эстакадасының және де Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Жол бойында жарық шамдары орнатылды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш жаяу жүргіншілер өткелі салынды", - деді Қасымбаев.

 
Мердігер ұйым қиыршық тас мастикалық асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын аяқтап, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, жол таңбаларын сызуда.
 
Шамалған бекетін айналып өту нысанындағы құрылыс жұмыстары айтарлықтай ілгерілеуде.
 

Осыдан бір ай бұрын да нысан басына келіп, құрылыс жұмыстарын тексерген болатынмын. Өткен аймен салыстырғанда оң динамика байқалады. Мердігер ұйым жер төсемін төгу, көпірлер мен су өткізгіш құбырлар салу және т.б. бойынша жұмыстар жалғастыруда. Нысан басында 50-ден астам арнайы техника жұмыс жасап, 150-ге жуық адам еңбектеніп жүр", - деді "ҚазАвтоЖол" басшысы.

 
 "Асыл-Арман" жобасының құрылысына, оның айтуынша, жауапты мердігер ұйым жұмысына салғырт қарап, олармен келісімшарт бұзылды.
 

Бүгінгі күні жаңа мердігер ұйым анықталып, нысандағы барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды. Жоба бойынша жұмыстың 50%-ы орындалды. "Құбыр" типті эстакада мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жалғасуда", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" басшысы Мейірхат Қасымбаев.

 
Оның айтуынша, "Алтын Орда" нысаны жақын арада пайдалануға берілсе, жоғарыда аталған қалған екі нысандағы құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны