28.02.2024, 20:36 63396

Астанада қайырымдылық акциясы өткізілді

Елордалық "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық акциясы өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алғыс айту күні қарсаңында "Шарапат" орталығына дәстүрлі түрде елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері барды. Олар мекеме қонақтарына концерттік бағдарлама мен ұлттық тағамдар дайындады.

Біздің орталықта 350 адам тұрады, тағы 560 адам үйде қызмет алады. Олардың қатары 16 ұлт өкілінен құралған, сондықтан бұл мереке олардың әрқайсысына ерекше қымбат. Бүгінде біз қарт адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударамыз. Іс-шараның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, назарларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін рахмет", - деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Сәуле Қайырова.


Өзбек этномәдени орталығының мүшелері де аға буын өкілдерін мерекемен құттықтауға барды.

Біз жыл сайын ақсақалдарымызға құрмет көрсетуге уақыт бөлеміз. Зейнеткерлердің өздерін жалғыз сезінбегенін қалаймыз, сондықтан осындай үлкен концерттер ұйымдастырып, түрлі ұлттық асхана тағамдарын әкелеміз", - деді өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шарипов.


Іс-шараны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Игі іске қалалық әкімдік пен "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қосылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны