07.03.2024, 16:04 62896

Астанада Тұран даңғылы бойында қозғалыс ашылды

Тұран даңғылының бойымен көлік қозғалыс екі бағытта да ашық
Астанада Тұран даңғылы бойында қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысатын аумақта магистральдық кәріз коллекторын салу жұмысы аяқталды.

Тұран даңғылының бойымен көлік қозғалыс екі бағытта да ашық. Бақылау камераларын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты қалаға Ұлы дала көшесі арқылы кіретін бағыт бойынша шеткі оң жақ жолақ және Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне қарай оң жақ бойында қозғалыс шектеледі. Бірақ бұл жалпы қозғалысқа әсер етпейді, өйткені қозғалыс екі бағытта да ашық.

Айта кету керек, бұл жобаны іске асыру елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және тұрмыстық кәріз желілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өте қажет.  
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны