10.08.2021, 18:03 16715

Қазақстанда 10 тамыздан бастап тек вакцинацияланған қызметкерлер жұмысқа жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Қазақстанда бүгін, 10 тамызда, кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа жіберу үшін міндетті вакцинациялау мерзімі аяқталады. Бас санитариялық дәрігердің тиісті қаулысын бұзу ірі айыппұлдарға қауіп төндіреді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 10 тамызға дейін еңбек ұжымдарының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілуі тиіс. Ал 1 қыркүйекке дейін - екінші компонентпен. Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар үшін ерекше жағдайлар көзделген.
 
Сонымен қатар, қаулының орындалуын бақылау тетігі әлі күнге дейін белгісіз. Осыған байланысты "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінен түсініктеме сұрады.
 

Әлеуметтік желілерде жұмыскерлердіі вакцинациялау талаптарын орындамағаны және оларды жұмыстан шеттетпегені үшін кәсіпорын басшыларының әкімшілік жауапкершілігі туралы мәліметтер жарияланды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабына немесе 425-бабына сәйкес айыппұл). Осы баптар бойынша айыппұлдар кәсіпорынның көлеміне қарай 600 мыңнан 4,6 млн теңгеге дейін басталады. Сонымен қатар, мұндай фактілер қалай анықталатыны, уәкілетті органдардың қайсысы осындай іс-шараларға тартылатыны, мұндай жағдайларда қандай іс-қимыл алгоритмі (тетігі) көзделетіні белгісіз", - деп жазды Facebook-те "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов.

 
Оның ақпараты бойынша, Палата Бас прокуратура мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауларында уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметкерлерді вакцинациялау және оларды жұмысқа жіберуге шектеу қою бөлігінде санитариялық дәрігердің қаулысының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған (немесе жоспарланған) іс-қимыл алгоритмі туралы хабарлауды сұрайды.
 
Естеріңізге сала кетейік: қаулыға сәйкес, мынадай ұйымдардың/объектілердің: 
 
- қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер); 
 
- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің; 
 
- мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары); 
 
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); 
 
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; 
 
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың; 
 
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар); 
 
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың; 
 
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); 
 
- денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; 
 
- дәріхана ұйымдарының; 
 
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары); 
 
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; 
 
- демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар); 
 
- байланыс және телекоммуникация объектілерінің 
 
COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны