15.07.2021, 21:04 21065

Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдері бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өз қаулысымен қызметкерлерді міндетті вакцинациялаудың жаңа мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыға сәйкес, жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізу ұйымдастырылады.
 
Еске сала кетейік, 12 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарауды және белгілеуді тапсырған болатын.
 
Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап вакцинация мәртебесі тексерілмейді деп сендірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны