17.03.2021, 19:54 7419

Қазақстанда 17 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 17 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 16 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 226 767 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 082 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 226 767. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 28 307 (+307); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 936 (+203); 
 
ШҚО–да – 22 505 (+14); 
 
Павлодар облысында – 18 597 (+45); 
 
Атырау облысында – 17 807 (+49); 
 
Қарағанды облысында – 16 388 (+101); 
 
Ақмола облысында – 14 638 (+60); 
 
БҚО-да – 13 933 (+55); 
 
Қостанай облысында – 13 211 (+46); 
 
СҚО–да – 12 784 (+27); 
 
Алматы облысында – 11 901 (+91);
 
Шымкент қаласында – 6417 (+28); 
 
Жамбыл облысында – 6181 (+14); 
 
Ақтөбе облысында – 4556 (+25); 
 
Түркістан облысында – 4373 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4311 (+11); 
 
Қызылорда облысында - 3922 (+3).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 703 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 208 074, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 632 адам (15 820 КВИ+ және 3 812 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 370 науқас стационарларда, ал 14 262 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 237 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 56 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 40 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 16 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 873 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 15 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы тіркелді. Оған қоса 193 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 896, 656 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 428 жетті. 
 
2021 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны