23.06.2021, 17:57 18149

Қазақстанда 23 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - 2021 жылғы 22 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 411 771 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 248 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 411; 
 
Алматы қаласында - 117; 
 
Шымкент қаласында - 64; 
 
Ақмола облысында - 32; 
 
Ақтөбе облысында - 32; 
 
Алматы облысында - 28; 
 
Атырау облысында - 50; 
 
ШҚО-да - 70; 
 
Жамбыл облысында - 24; 
 
БҚО-да - 88; 
 
Қарағанды облысында - 146; 
 
Қостанай облысында - 30; 
 
Қызылорда облысында - 28; 
 
Маңғыстау облысында - 46; 
 
Павлодар облысында - 46; 
 
СҚО-да - 13; 
 
Түркістан облысында - 21.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 168 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 387 295 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 маусымға КВИ-ден 21 449 адам (20 215 КВИ+ және 1 234 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 6 325 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 15 124 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 413 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 95 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 66 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 22 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 261 өлім жағдайы тіркелген. 21 маусымда КВИ-ден 12 адам қайтыс болды. 
 
21 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 81 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, 29 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 627, өлім – 972, сауыққандар – 51 962. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 23 маусымға I компонентпен 2 857 255 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 753 969 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 23 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Акмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны