23.07.2021, 22:40 7628

Қазақстанда 23 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 23 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 22 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 516 117 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 119 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1381; 
 
Алматы қаласында – 996; 
 
Шымкент қаласында – 488; 
 
Ақмола облысында – 189; 
 
Ақтөбе облысында – 230; 
 
Алматы облысында – 230; 
 
Атырау облысында – 489; 
 
ШҚО-да – 78; 
 
Жамбыл облысында – 105; 
 
БҚО-да – 235; 
 
Қарағанды облысында – 794; 
 
Қостанай облысында – 156; 
 
Қызылорда облысында – 129; 
 
Маңғыстау облысында – 205; 
 
Павлодар облысында – 203; 
 
СҚО-да – 110; 
 
Түркістан облысында – 101.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 427 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 441 437 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 шілдеге КВИ-ден 71 221 адам (69 436 КВИ+ және 1 785 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 21 096 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 50 125 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 258 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 274 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 166 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 22 шілдесіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 5 244 өлім жағдайы тіркелген. 21 шілде күні КВИ-ден 64 адам қайтыс болды. 
 
21 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 223 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 105 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 59 150, өлім – 3 585, сауыққандар – 53 780.
 
Қазақстанда 2021 жылғы 22 шілдеге I компонентпен 5 054 970 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 075 907 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны