24.06.2021, 20:58 14636

Қазақстанда 24 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 24 МАУСЫМ - 2021 жылғы 23 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 411 771 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 248 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 568; 
 
Алматы қаласында - 186; 
 
Шымкент қаласында - 47; 
 
Ақмола облысында - 36;
 
Ақтөбе облысында - 40; 
 
Алматы облысында - 37; 
 
Атырау облысында - 60; 
 
ШҚО-да - 78; 
 
Жамбыл облысында - 21; 
 
БҚО-да - 91; 
 
Қарағанды облысында - 145; 
 
Қостанай облысында - 30; 
 
Қызылорда облысында - 29; 
 
Маңғыстау облысында - 36; 
 
Павлодар облысында - 40; 
 
СҚО-да - 25; 
 
Түркістан облысында - 27.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 876 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 388 171 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
24 маусымға КВИ-ден 22 098 адам (20 818 КВИ+ және 1 270 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 6 588 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 15 510 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 408 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 95 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 72 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 23 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 268 өлім жағдайы тіркелген. 22 маусымда КВИ-ден 7 адам қайтыс болды. 
 
22 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 81 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 56 708, өлім - 3 432.
 
Қазақстанда 2021 жылғы 24 маусымға I компонентпен 2 920 407 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 793 400 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 24 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Акмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны