26.02.2021, 17:30 14161

Қазақстанда 26 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 26 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 25 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 211 212 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 211 212. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 24 824 (+135); 
 
Алматы қаласында - 24 773 (+110); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 21 897 (+64); 
 
Атырау облысында - 17 082 (+28); 
 
Павлодар облысында - 17 376 (+78); 
 
Қарағанды облысында - 15 308 (+54); 
 
Ақмола облысында - 13 440 (+74); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 12 844 (+75); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 245 (+38); 
 
Қостанай облысында - 12 185 (+65); 
 
Алматы облысында - 10 663 (+72); 
 
Шымкент қаласында - 6111 (+12); 
 
Жамбыл облысында - 5915 (+21); 
 
Түркістан облысында - 4267 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4214 (+2); 
 
Ақтөбе облысында - 4239 (+16); 
 
Қызылорда облысында - 3829 (+8).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 746 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 195 121, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 20 277 адам (13 358 КВИ+ және 6 919 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 452 науқас стационарларда, ал 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 254 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 53 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 41 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 733 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 24 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 172, 620 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41 633 жетті. 
 
2021 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны