26.07.2021, 17:41 6813

Қазақстанда 26 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 25 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 535 906 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 637 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1510; 
 
Алматы қаласында – 1219; 
 
Шымкент қаласында – 520; 
 
Ақмола облысында – 192; 
 
Ақтөбе облысында – 255; 
 
Алматы облысында – 194; 
 
Атырау облысында – 420; 
 
ШҚО-да – 139; 
 
Жамбыл облысында – 152; 
 
БҚО-да – 168; 
 
Қарағанды облысында – 781; 
 
Қостанай облысында – 181; 
 
Қызылорда облысында – 168; 
 
Маңғыстау облысында – 258; 
 
Павлодар облысында – 202; 
 
СҚО-да – 133; 
 
Түркістан облысында – 145.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 381 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 449 377 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 шілдеге КВИ-ден 83 084 адам (81 077 КВИ+ және 2 007 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 23 868 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 59 216 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 444 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 304 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 183 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 25 шілдесіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 5 452 өлім жағдайы тіркелген. 24 шілде күні КВИ-ден 70 адам қайтыс болды. 
 
24 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы тіркелді, 20 адам қайтыс болды және 83 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 59 671, өлім – 3 625, сауыққандар – 54 039. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 25 шілдеге I компонентпен 5 145 055 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 264 705 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 26 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны