27.06.2021, 19:56 9307

Қазақстанда 27 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - 2021 жылғы 26 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық 418 114 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 672 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 556; 
 
Алматы каласында - 211, 
 
Шымкент қаласында - 61, 
 
Ақмола облысында - 40, 
 
Ақтөбе облысында - 35, 
 
Алматы облысында - 32, 
 
Атырау облысында - 86, 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 76, 
 
Жамбыл облысында - 37, 
 
Батыс Қазақстан облысында - 124, 
 
Қарағанды облысында - 238, 
 
Қостанай облысында - 39, 
 
Қызылорда облысында - 33, 
 
Маңғыстау облысында - 36, 
 
Павлодар облысында - 20, 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 19, 
 
Түркістан облысында - 20.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 025 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 391 596 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 маусымға КВИ-ден 23 552 адам (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 7 015 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 537 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 458 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 107 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 68 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 306 өлім жағдайы тіркелген. 26 маусымда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
26 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 85 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 13 наурызынан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністерімен, бірақ ПТР теріс нәтижесімен, пневмонияның 56 925 жағдайы тіркелді, 3 442 адам қайтыс болды. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 27 маусымға I компонентпен 3 130 095 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 891 022 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны