27.07.2021, 14:39 7920

Қазақстанда 27 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 26 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 542 703 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 797 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1537; 
 
Алматы қаласында – 1207; 
 
Шымкент қаласында – 382; 
 
Ақмола облысында – 195; 
 
Ақтөбе облысында – 175; 
 
Алматы облысында – 260; 
 
Атырау облысында – 480; 
 
ШҚО–да – 333; 
 
Жамбыл облысында – 141; 
 
БҚО–да – 136; 
 
Қарағанды облысында – 796; 
 
Қостанай облысында – 209; 
 
Қызылорда облысында – 163; 
 
Маңғыстау облысында – 254; 
 
Павлодар облысында – 207; 
 
СҚО-да - 142; 
 
Түркістан облысында - 180.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 625 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 452 006 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
27 шілдеге КВИ-ден 87 094 адам (85 163 КВИ+ және 1 931 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 24 328 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 62 766 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 461 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 306 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 182 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 26 шілдесіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 5 538 өлім жағдайы тіркелген. 25 шілде күні КВИ-ден 86 адам қайтыс болды. 
 
25 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 23 жағдайы тіркелді, 24 адам қайтыс болды және 75 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 59 694, өлім – 3 649, сауыққандар – 54 114. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 26 шілдеге I компонентпен 5 188 266 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 356 960 адам вакцинацияланды
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 27 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны