30.06.2021, 22:01 9072

Қазақстанда 30 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - 2021 жылғы 29 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 423 137 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 016 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 678; 
 
Алматыда - 253; 
 
Шымкентте - 103; 
 
Ақмола облысында - 48; 
 
Ақтөбе облысында - 56; 
 
Алматы облысында - 53; 
 
Атырау облысында - 89; 
 
ШҚО-да - 71; 
 
Жамбыл облысында - 24; 
 
БҚО-да - 126; 
 
Қарағанды облысында - 302; 
 
Қостанай облысында - 47; 
 
Қызылорда облысында - 14; 
 
Маңғыстау облысында - 50; 
 
Павлодар облысында - 56; 
 
СҚО-да - 13; 
 
Түркістан облысында - 32.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 223 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 395 262 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыз бен 29 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 4 349 өлім жағдайы тіркелген. 28 маусымда КВИ-ден 13 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 28 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелді.
 
30 маусымға КВИ-ден 24 822 адам (23 526 КВИ+ және 1 296 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда 7 453 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 17 369 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 493 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 103 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 67 пациент бар.
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 29 маусымға I компонентпен 3 335 172 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 000 596 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны