05.08.2021, 18:36 10431

Қазақстанда 5 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 7 792 коронавирус ауруы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 4 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 610 744 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 792 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 434; 
 
Алматы қаласында – 1 570; 
 
Шымкент қаласында – 535; 
 
Ақмола облысында – 259; 
 
Ақтөбе облысында – 403; 
 
Алматы облысында – 320; 
 
Атырау облысында – 397; 
 
ШҚО-да – 288; 
 
Жамбыл облысында – 160; 
 
БҚО-да – 185; 
 
Қарағанды облысында – 931; 
 
Қостанай облысында – 279; 
 
Қызылорда облысында – 205; 
 
Маңғыстау облысында – 225; 
 
Павлодар облысында – 303; 
 
СҚО-да – 151; 
 
Түркістан облысында – 147.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 276 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 499 965 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 тамызға КВИ-ден 107 600 адам (104 377 КВИ+ және 3 223 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 29 623 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 77 977 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 832 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 417 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 202 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 4 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 402 өлім жағдайы тіркелген. 3 тамыз күні КВИ-ден 125 адам қайтыс болды. 
 
3 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 379 жағдайы тіркелді, 33 адам қайтыс болды және 153 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 62 151, өлім – 3 814, сауыққандар – 55 114. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 4 тамызға I компонентпен 5 584 190 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 148 969 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 5 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны