09.07.2021, 21:10 16878

Қазақстанда 9 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 9 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 8 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 448 000 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 909 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 796; 
 
Алматы қаласында – 420; 
 
Шымкент қаласында – 210; 
 
Ақмола облысында - 119; 
 
Ақтөбе облысында - 77; 
 
Алматы облысында – 89; 
 
Атырау облысында – 154; 
 
ШҚО – 78; 
 
Жамбыл облысында – 38; 
 
БҚО – 191; 
 
Қарағанды облысында – 321; 
 
Қостанай облысында – 54; 
 
Қызылорда облысында – 46; 
 
Маңғыстау облысында – 111; 
 
Павлодар облысында – 123; 
 
СҚО – 38; 
 
Түркістан облысында - 44.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 781 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 408 063 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 шілдеге КВИ-ден 36 723 адам (35 361 КВИ+ және 1 362 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 11 534 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 25 189 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 735 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 169 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 93 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 576 өлім жағдайы тіркелген. 7 шілде күні КВИ-ден 32 адам қайтыс болды. 
 
7 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 140 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды және 62 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 57 630, өлім жағдайы - 1 021, сауыққандар - 52 787. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 9 шілдеге I компонентпен 4 134 139 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 336 019 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 9 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны