01.04.2021, 23:40 13391

Қазақстанда барлық үш мутацияланған КВИ штаммдарының бар екендігі расталды

НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпаннан бастап ПТР-зерттеулер нәтижелерінсіз авиажолаушылар санының екі есе артқанын атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2020 жылдың қараша айында Қазақстанға келген ПТР анықтамасы жоқ азаматтардың үлесі 7,3 пайыз болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 27 пайызға жетті!", – деді Президент.

 
Ол нәтижесінде елімізде жұғу қаупі өте жоғары мутацияға ұшыраған үш бірдей штам расталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта дертке шалдыққан адамдардың саны күн санап өсіп барады. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны да көбейген. Бұдан бөлек өлім жағдайлары да артқан. 
 
Мемлекет басшысы Үкіметке және өңір әкімдеріне жан сақтау бөлімшелерін жабдықтау бойынша шараларды қабылдауды және оған бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларын жауапты ретінде бекітуді тапсырды. 
 
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакцинациялау жұмысын сынға алып, Денсаулық сақтау министрі мен Үкіметке оларды жұмыстан босатамын деп қорқытты. Сондай-ақ, Президент пандемиядан зардап шеккен экономика секторларында шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны