29.08.2022, 14:16 16536

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 445 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 445 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 29 ТАМЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 445 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 388 021 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 037 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті
 
27 тамызда ҚР-да коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 5 жағдайы анықталды. 
 
29 тамызға КВИ-ден 18 425 адам (18 074 КВИ+ және 351 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 573 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 17 852 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 18 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 6 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 5 пациент бар. 
 
2022 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 822 982 адам, 2-ші компонентпен - 10 566 569 адам вакцинацияланды. 5 449 977 адам ревакцинацияланды. 
 
Барлық өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны