29.04.2022, 17:12 20171

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 521 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 17 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
 
Өткен тәулікте өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Пандемия басталғаннан бері ҚР-да (КВИ+)-ден 13 660 (2020 жылғы 13 наурыздан 2022 жылғы 28 сәуірге дейін) және (КВИ-)-ден 5353 (2020 жылғы 1 тамыздан 2022 жылғы 27 сәуірге дейін) өлім жағдайы тіркелді.
 
29 сәуірге КВИ-ден 1 666 адам (806 КВИ+ және 860 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 90 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 576 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 10 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 1 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 483 123 адам, 2-ші компонентпен - 9 241 702 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 3 938 722 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны