02.06.2022, 15:42 14941

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 5 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 5 жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 760 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
31 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
2 маусымға КВИ-ден 128 адам (79 КВИ+ және 49 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 47 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 81 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 9 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 505 845 адам, 2-ші компонентпен - 9 283 290 адам вакцинацияланды. 4 479 356 адам ревакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны