13.05.2022, 16:02 16891

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 11 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 11 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 11 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 631 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 11 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 7, ШҚО-да - 1, БҚО-да - 1.
 
11 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы анықталды.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
13 мамырға КВИ-ден 1 102 адам (480 КВИ+ және 622 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 66 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 036 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 11 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 491 182 адам, 2-ші компонентпен - 9 259 182 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 137 805 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны