03.05.2022, 14:47 10621

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 3 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 3 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 3 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 551 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы анықталды. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
 
3 мамырға КВИ-ден 1 631 адам (790 КВИ+ және 841 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 85 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 546 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 13 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 1 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 486 041 адам, 2-ші компонентпен - 9 247 120 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 3 999 478 адам.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны