15.04.2021, 18:41 18294

Қазақстанда БЖТ төлеу ережелері өзгерді

Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - ҚР Үкіметі "Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжат ҚР Премьер-Министрінің сайтында жарияланды.
 

Бірыңғай жиынтық төлем жалпы сомамен төленуге жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тұрғылықты жері бойынша"Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлеушінің бірыңғай жиынтық төлемді енгізуі арқылы жүргізіледі", - делінген құжатта.

 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Толық мәтінмен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны