21.09.2021, 20:14 8153

Қазақстанда карантин жеңілдейді

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады.
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрі А. Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. 
 
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады.
 
Атап айтқанда, биылғы 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі.
 
Сондай-ақ, 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан).
 
Сонымен қатар, қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).
 

Сондай-ақ Е. Тоғжанов вакцина алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды", - деп толықтырды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде.

 
Естеріңізге сала кетейік: өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекцияның 2 093 жаңа жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, ҚР-да КВИ жаңа штаммы анықталғанын еске саламыз.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны