25.08.2023, 12:21 31841

Қазақстанда оқу жылы 34 аптаны құрап, 25 мамырда аяқталатын болды

Қазақстанда оқу жылы 34 аптаны құрап, 25 мамырда аяқталатын болды
Қазақстанда жаңа оқу жылы 34 аптаны құрап, 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», - деді Тамара Дүйсенова білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтаған дұрыс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны