18.08.2022, 18:26 43661

Қазақстандық балалар ArtSport бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда - Абаев

Қазақстандық балалар ArtSport бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда - Абаев
ҚОНАЕВ. 18 ТАМЫЗ - Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Дәурен Абаев "АртСпорт" бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандық балалар Артспорт бағдарламасы аясында спортпен және шығармашылықпен тегін айналысып жатыр. Алдағы уақытта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттырып, балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі", - деді министр Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып.

 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 

Кейбір балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға бармаса да, қызмет көрсетушілердің құжаттарында тіркеліп тұрады, олар өз кезегінде әр бала үшін мемлекеттен ақша алып отыр. Әрі сапа мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Балалар жаттығатын орындарға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ол – ғимараттың санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау камералары, спорттық және басқа да қажетті жабдықтардың болуы. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі үшін жасалады. Спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланады", - деді Дәурен Абаев.

 
Сондай-ақ, Қонаев қаласында өткен халықпен кездесу барысында еңбекақыны көтеру, туризм саласында кадрлар даярлау, спорттық разрядтар беру және т.б. мәселелер талқыланды.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылады деп мәлімдеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны