07.10.2021, 20:39 50420

Бекшин мектептерде CОVID-19-ға жедел тесттерін қолдануды ұсынады

АЛМАТЫ. 7 ҚАЗАН - Бүгін ОКҚ брифингінде Алматының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19-ға экспресс-антиген-тестілерді қолданудың тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері экспресс-тестілер тиімді эпидемиологиялық, карантиндік және профилактикалық іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, оларды байланыста болған адамдарды тексеру үшін пайдалануға болады.
 

Бүгінде ел ішінде науқаспен байланыста болған ондаған мың адам бар, бұл тестті мектептерде қолдануға болады, санаулы уақыт ішінде, 15-20 минутта анықтауға болады - кімнің оқуын жалғастыратынын, кімнің оқшауланатынын", - деді Бекшин.

 
Оның айтуынша, тірі вирус пен мутацияланған штамдар бойынша зерттеулер жүргізілген.
 

Қазақстанға әкелінген және тіркелген барлық негізгі тесттерді, экспресс тесттерді зерттедік, жақсы нәтижелерге қолжеткіздік, бүгінгі таңда экспресс тесттердің тиімділігі өте жоғары және біз өз есебімізді Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынамыз. Бұл кеңінен қолдануға негіз болады", - деп атап өтті ол.

 
Алматының бас санитарлық дәрігері атап өткендей, келесі аптаның соңында соңғы өңдеуден кейін Денсаулық сақтау министрлігіне есеп жіберіледі. Бекшиннің пікірінше, экспресс-тестілерді кеңінен қолдану еліміздің медицина қызметкерлерінің қаржылық шығындары мен физикалық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны