27.08.2021, 22:32 16237

Білім министрлігі қашықтықтан оқыту форматы бойынша түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ата-аналардың өтініші бойынша қашықтықтан білім алуда қалатын оқушылар мен байланыста болған оқушылар үшін қашықтықтан оқытудың айырмашылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Контактіде болған балалар үшін оқшаулау кезеңіне синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастығы бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы да ұсынылады. Бұл оқушылар оқулықтармен, оқыту контенті бар ақпараттық жүйемен, электрондық журналмен толық қамтылады", - деді БҒМ өкілі. 

 
Ол жергілікті атқарушы органдар оқу контенті бар цифрлық платформалармен мектептерді қамтамасыз ететінін атап өтті.
 

1-11 сыныптарға арналған 13 мыңнан астам бейнесабақтар түсіріліп, "Күнделік" жүйесінде және БҒМ интернет-ресурстарында орналастырылды. Барлық оқушылар оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі. Бүгінде барлық өңірлерге жеткізілді", - деді Каринова.

 
Естеріңізге сала кетейік, Білім министрлігі біздің сұрауымызға жауап ретінде ата-аналардың өтініші бойынша оқушыларды қашықтықтан асинхронды оқыту мүмкіндігін растады.
 

Ата-аналар штаттық оқытудан бас тартқан жағдайда мектепте БЖБ және ТЖБ тапсыра отырып асинхрондық қашықтықтан оқыту (үй жағдайында өз бетінше оқыту) ұсынылады", - делінген БҒМ жауабында. 

 
Агенттік сайтында оқырмандардан: "Елде COVID-19 ауруы өсуде. Осыған байланысты балалар мектепке қайта оралуы керек деп ойлайсыз ба?" - деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Бүгінгі күні онлайн-оқыту мүмкіндігін қолдаушылар саны сұралғандардың 70%-ына дейін өсті: олардың 36%-ы қашықтықтан оқытуды жалғастыру қажет деп санайды; 34%-ы - ата-аналарға онлайн- және офлайн-оқыту арасында таңдау мүмкіндігін бергені үшін. Мектепке оралу үшін қатысушылардың 26% дауыс берді. 2% "Маған бәрібір" жауабын таңдады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны