03.06.2022, 14:02 18341

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 9 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 9 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 769 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
1 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы анықталды. 
 
3 маусымға КВИ-ден 141 адам (87 КВИ+ және 54 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 45 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 96 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 8 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 506 796 адам, 2-ші компонентпен - 9 284 334 адам вакцинацияланды. 4 503 877 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны