21.07.2021, 22:26 11275

Қазақстандықтар COVID-19 вакцинациясына қалай қарайды - сауалнама

АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Kazakhstan Today агенттігі оқырмандар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға деген көзқарасы туралы сауалнама жүргізді.
 
Агенттіктің сайтында оқырмандардан: "Сіз COVID-19-ға қарсы вакцина егу мүмкіндігіне қалай қарайсыз?" деген сұраққа жауап беруі сұралды.
 
Респонденттердің 55%-ы вакцинацияға барады деп жауап берді. 31% "Жоқ, мен сенбеймін" деген жауапты таңдады. 
 
11% COVID-19 ауруына шалдыққандықтан вакцинацияның қажеті жоқ деп санайды.
 
Респонденттердің 3%-ы "Маған бәрібір" жауабын таңдады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда әрбір төртінші қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды. Барлығы бірінші компонентпен 4,9 млн адам егілді, екінші компонентпен 2,9 млн адам егілді. Бірінші дозамен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында байқалады.
 
Вакцинация "Спутник V", "QAZVAC", "Hayat-Vax", "Sinopharm" препараттарымен жүргізіледі. Pfizer компаниясымен Қазақстанға вакцина жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқан балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мүмкіндігін қарастыруда.
 
 
21 шілдедегі жағдай бойынша ҚР-да CОVID-19 оң нәтижесімен 504 290 науқас және КВИ-мен 58 883 жағдай тіркелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны