02.12.2022, 14:33 32411

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа цербер штаммының симптомдары туралы айтты

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа цербер штаммының симптомдары туралы айтты
Сурет: telegram/CSEC
Инфекциядан қорғаудың тәсілі - COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы

Астана. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирустық инфекцияның "Омикрон" штамы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5%-да "Цербер" субгенетикалық желісі табылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Комитеттің мәліметінше, қазіргі уақытта мутацияланған "Цербер" 65-тен астам елде, соның ішінде Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Еуропа елдерінде анықталды.

Жаңа "Цербер" штамының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Ауру көбінесе жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады. Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады. Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес", - деп атап өтті ведомствода.


Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді. Инфекциядан қорғаудың тәсілі - COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы.

SARS-CoV-2 вирусын анықтау және мониторингілеу жұмысы жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны