07.03.2023, 08:39 39911

Екібастұздықтарға жылумен қамту қызметтері үшін төлемді ішінара есептен шығарады

Қазіргі уақытта температуралық параметрлерді қалпына келтіруге байланысты реттеу жұмыстары жүргізілуде
Екібастұздықтарға жылумен қамту қызметтері үшін төлемді ішінара есептен шығарады
Екібастұз. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС қаланы жылумен жабдықтаудың температуралық кестесін сақтамауға байланысты 2023 жылғы ақпан айында Екібастұз қаласының тұрғындарына есепке алу аспаптарының болу болмауына қарамастан жылумен қамту қызметтері үшін нақты төлемақы есептеулерінің 70%-ның есептен шығарылғаны туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта мамандар қаланың магистральдік және орамішілік желілерінде температуралық параметрлерді қалпына келтіруге байланысты реттеу жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.


Сонымен бірге, жылу энергиясы бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешегі бар барлық тұтынушыларға өсімпұл есептелмейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да болған ірі апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. 7 қаңтарда Екібастұз ЖЭО-да тағы да апат болды. Тұрғындар пәтерлердегі суыққа шағымданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз үйлеріндегі жылуды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Ұлттық экономика министрі Қуантыров биылғы жылдың көктемінен бастап коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру жоспарланып отырғанын айтты. Ең көп өсім Екібастұз тұрғындары үшін желілердің жоғары тозуына байланысты күтілуде.

18 ақпанға қараған түні ЖЭО-да тағы да апат болды. Қала тұрғындары пәтерлердегі суыққа шағымданды, қала оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны