21.07.2021, 23:45 16842

Экология министрлігі: Интерактивті карта арқылы екі миллиард ағаш отырғызу қадағаланады

Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 21 ШІЛДЕ - Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін "интерактивті карта" әзірленеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырды. 
 
Осы тапсырманы іске асыру мақсатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы мәселені пысықтады. 
 

"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жолдай алады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу жобасын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 22,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 60 млрд теңге бөлу қажет болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны