10.08.2023, 19:51 50576

Елімізде Абай ақынмен аттас 18,5 мың қазақстандық бар

Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады
ҚР Ұлттық статистика бюросының бүгін Қазақстандағы Абай күніне орай орай ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынды.

Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі - 2050 адам, деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп - 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз - 194 адам.

Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады.

Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны