Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.
Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді", - делінген материалда.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
– Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Есіл" аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Байқоңыр" ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.
Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.