25.07.2022, 16:31 11776

КТ сауалнамасы: респонденттердің 85% бұрынғы ғылыми-білім беру жүйесін қайтару қажет деп санайды

КТ сауалнамасы: респонденттердің 85% бұрынғы ғылыми-білім беру жүйесін қайтару қажет деп санайды
АЛМАТЫ. 25 ШІЛДЕ - Респонденттердің басым көпшілігі Болон жүйесінен бас тартып, бұрынғы ғылыми-білім беру жүйесін қайтару керек деп санайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің сайтында сауалнама жүргізілді. Респонденттерге "ҚР-да Болон жүйесіне көшу (оны енгізудің жарқын мысалы ҰБТ болып табылады) білім мен ғылым деңгейінің күрт төмендеуіне себеп болды. Сіз бұрынғы ғылыми-білім беру жүйесінің пайдасына одан бас тарту қажет деп санайсыз ба?"
 
Сауалнамаға қатысушылардың 85%-ы; "Иә, бұрынғы ғылыми-білім беру жүйесін қайтару керек" деп жауап берді; 9%-ы бұл қажет емес және білім мен ғылым саласындағы тәжірибелерді жалғастыру керек деп санайды; 5%-ы бізге ғылым мен білім қажет емес деп санайды, 1%-ға бәрібір.
 
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында Ресейдің барлық жоғары оқу орындары Болон процесінен шығарылды. Ресейлік сарапшылар атап өткендей, бакалавриат пен магистратураны енгізу түлектердің дайындық деңгейін жақсартқан жоқ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны