04.01.2022, 18:35 13646

Маңғыстау облысында газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетіледі

Маңғыстау облысында газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетіледі
Сурет: primeminister.kz
АҚТАУ. 4 ҚАҢТАР - Үкімет комиссиясының Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесуі барысында сұйытылған газ құнының төмендегені туралы хабарланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен жүргізілген келіссөз барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.
 

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпауға кепілдік берілді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сонымен қатар, тараптар туындаған барлық мәселені сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Үкіметтік комиссия мүшелері Жаңаөзен қаласы белсенділерінің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны