09.08.2022, 16:36 10731

Премьер-министр 1 қарашаға дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін пысықтауды тапсырды

Премьер-министр 1 қарашаға дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін пысықтауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ағарту министрлігіне 1 қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын арттыру үшін Ағарту министрлігіне үстіміздегі жылдың бірінші қарашасына дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

 
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР-да жанжалдан кейін балабақшаларды лицензиялауды қайтару ұсынылды.
 
Қазақстан Республикасының Ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова елімізде балабақшаларды лицензиялау қалай жүзеге асырылатынын айтты.
 
Сондай-ақ, ақпарат агенттігінің сайтында сауалнама жүргізілді. Респонденттерге келесі сұраққа жауап беру ұсынылды: "ҚР білім беру мекемелерінде қызметкерлер тарапынан балаларға қатысты заңсыз іс-әрекеттер жағдайлары жиілеп кетті. Сіз балаларға қатысты озбырлық үшін күшейтілген бақылау мен қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажет деп санайсыз ба?"
 

Азаматтардың 79%-ы: "Иә, баяғыдан бері қажет еді" деп жауап берді, 14%-ы - бәріне риза және олар мұны тәрбие процесі деп санайды, 6%-ына - бәрібір".

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны