13.01.2023, 16:22 47611

ҚР-да мемлекеттік жастар саясатының 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді

ҚР-да мемлекеттік жастар саясатының 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді
Сурет: depositphotos
Жаңа тұжырымдама жастармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін көрсететін болады
 
Астана. 13 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" қаулы жобасы әзірленді, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.
 

Жастар саясатының тұжырымдамасы егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процестерді білдіреді, сондай-ақ жастарды қоғамға әлеуметтік және экономикалық интеграциялау саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды", - делінген құжат мәтінінде.

 
Қазақстанның ұлттық экономикасының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігі іс жүзінде адами капитал тұрғысынан республиканың болашағына салынған стратегиялық инвестициялар болып табылатын жастардың даму жағдайына тікелей байланысты.
 

Елімізде жастар халықтың едәуір бөлігін құрайды: әрбір бесінші тұрғыны - 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Жастардың жоғарғы жас шегі 35 жасқа дейін көтерілуімен еліміздің әрбір үшінші тұрғыны "жастар" санатына жатқызылатын болады. Жастардың жас ауқымының ұлғаюы - халықтың едәуір бөлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы түрлі жобаларға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін жалпы әлемдік үрдіс болып табылады және сонымен бірге қазіргі заманғы жаһандық үрдістер мен жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, оның негізгі тәсілдерін қайта қарауды талап етеді", - делінген мәтінде.

 
Жаһандық геосаяси турбуленттілік, сондай-ақ ұлттық әлеуметтік-экономикалық трансформация өмірдің жаңа шындықтарын жасайды. Бұл тұрғыда ел жастары бейімделу, өзін-өзі жүзеге асыру және жетілдіру үшін мемлекет тарапынан қолдауға ерекше мұқтаж.
 

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды дамыту векторын белгілейтін бірыңғай "қолшатыр" құжатын әзірлеу қажеттілігі туындады. Жаңа Тұжырымдама жастармен саясаттың базалық қағидатын сақтай отырып, жастармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін көрсететін болады. Нәтижесінде, жастар саясат объектісінен маңызды әлеуметтік топ ретінде даму үшін сапалы жағдайлар жасауға бағытталған барлық әлеуметтік процестердің белсенді субъектісіне және қатысушысына айналады", - делінген құжатта.

 
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында ҚР-да жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленетіні белгілі болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны