10.12.2021, 19:09 156153

ҚР 10 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 20 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

ҚР 10 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 20 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сурет: svidok.info
НҰР-СҰЛТАН. 10 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 9 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 978 362 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 648 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 97, 
 
Алматы қаласында - 55, 
 
Шымкент қаласында - 1, 
 
Ақмола облысында - 60, 
 
Ақтөбе облысында - 1, 
 
Алматы облысында - 30, 
 
Атырау облысында - 6, 
 
ШҚО-да - 25, 
 
Жамбыл облысында - 6, 
 
БҚО-да - 16, 
 
Қарағанды облысында - 115, 
 
Қостанай облысында - 74, 
 
Қызылорда облысында - 4, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 76, 
 
СҚО-да - 71, 
 
Түркістан облысында - 9.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 922 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 946 451 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
10 желтоқсанға КВИ-ден 21 992 адам (19 083 КВИ+ және 2 909 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 4 309 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 17 683 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 343 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 88 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 60 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 желтоқсан күні КВИ-ден 14 адам қайтыс болды. 
 
8 желтоқсан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 141 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 283, өлім – 5 177, сауыққандар – 75 197. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 9 желтоқсанға I компонентпен 8 834 625 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 260 725 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 135 348, жүкті әйелдер - 9 952, бала емізетін әйелдер - 23 997. II дозамен: жасөспірімдер - 6 211, жүкті әйелдер - 779, бала емізетін әйелдер - 1 872. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны